Сүзгіні кеңейтілген пішімге түрлендіру

Есеп үлгілері үшін кеңейтілген сүзгі пішіміне Kaspersky Security Center 12 және одан да жоғары нұсқасында ғана қолдау көрсетіледі. Сүзгіні әдепкі бойынша кеңейтілген пішімге түрлендіргеннен кейін, есеп үлгісі Kaspersky Security Center бағдарламасының бұрығы нұсқалары орнатылған желіңіздегі Басқару серверлерімен үйлесімді болмай қалады. Осы Басқару серверлерінен алынатын ақпарат есеп үшін алынбайды.

Әдепкі пішімнен кеңейтілген пішімге түрлендіру үшін:

  1. Консоль ағашында өзіңізге қажетті Басқару серверінің атауы бар торапты таңдаңыз.
  2. Тораптың жұмыс аймағында Есептер қойыншасын таңдаңыз.
  3. Есеп үлгілері тізімінен қажетті есеп үлгісін таңдаңыз.
  4. Таңдалған есеп үлгісінің контекстік мәзірінен Сипаттар тармағын таңдаңыз.
  5. Көрсетілген сипаттар терезесінен Өрістер бөлімін таңдаңыз.
  6. Мәліметтер өрістері қойындысында Сүзгіні түрлендіру сілтемесінен өтіңіз.
  7. Пайда болған терезеде ОК түймесін басыңыз.

    Кеңейтілген сүзгі пішіміне түрлендіру, ол қолданылатын есеп үлгісі үшін қайтымсыз болып саналады. Сүзгіні түрлендіру сілтемесінен кездейсоқ өткен болсаңыз, есеп үлгісі сипаттары терезесінде Бас тарту түймесін басып, өзгерістердің күшін жоя аласыз.

  8. Өзгерістерді қолдану үшін, OK түймесін басып, есеп үлгісі сипаттары терезесін жабыңыз.

    Есеп үлгісі сипаттары терезесі қайта ашылған кезде, жаңа қолжетімді Сүзгілер бөлімі көрсетіледі. Бұл бөлімде кеңейтілген сүзгі пішімін конфигурациялай аласыз.

Басына оралу